Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирустық пандемияға байланысты республикада бұрын енгізілген міндетті маска тағу режимі алынып тасталатынын мәлімдеді.
“Біз Шешен Республикасында қоғамдық орындарда міндетті түрде маска киюді алып тастап жатырмыз. Бірақ, қауіп-қатер тобына кіретін немесе әлі ауырмаған адамдарға бұдан кейін де маска тағып жүруді ұсынамыз. Біз сондай-ақ республика шекаралары арқылы жүріп-тұру бойынша шектеулерді алып тастаймыз. Бұл біздің аймаққа туристердің келуін арттыру үшін маңызды шешім”, – деп жазды Кадыров өзінің Telegram каналында.
Сонымен қатар, ол республикада коронавирус жағдайды бақылауда ұсталатынын және медициналық мекемелер індеттің қайта күшею жағдайларына толықтай әзір екенін айтты.