Бүгін Біріккен Ұлттық Ұйымы деңгейінде әлемде ядролық қарудан бас тарту күні аталып өтеді.
Айтулы күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Қазақстанның ядролық қауіпсіздік қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті.
“Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады”, – деп жазды Президент.
Айта кетейік, БҰҰ Семей полигоны жабылған күнді, яғни 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялаған болатын.