ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен зағип жандарға Құран Кәрімді Браиль әдісімен үйрету дәрістері басталды.
Көзі көрмейтін жергілікті тұрғындар аталмыш дәріске орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің имам-ұстаздарына хабарласып жазылуға болатынын еске саламыз.
Қайнар көзі:
muftyat.kz