Бүгін Халықаралық археологтар күнінде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне дала семинарын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты -танымдық белсенділік пен қызығушылықты арттыру және тарихи-мәдени мұраны насихаттау.
Музей-қорық қызметкерлері дала семинарын интерактивті ойын түрінде өткізді.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу әдістерімен танысты.
Дала семинары найза лақтыру және «садақ ату» бойынша жарыс түріндегі спорттық іс-шараларымен аяқталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі