«Дінтану», «Теология» білім беру бағдарламалары бойынша өтетін Республикалық олимпиадаға биыл еліміз бойынша 6 университеттің студенттік топтары қатысты. Үздік үш студенттен құралған топтардың арасынан тұлпарларын саралау үшін студенттік пәндік олимпианың комиссиясына белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай төрағалық етті.
Үш кезеңнен тұратын олипиаданың алғашқысы «Қазіргі Қазақстанның рухани-интеллектуалдық дамуындағы діни таным мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғады. «Діндер тарихы» бойынша тест және соңғы «Ұяшық таңдау» кезеңінде белгілі бір салалар бойынша дінтанудан сұрақтарға жауап берді. Тартысты сайыстың нәтижесінде әділ қазылардың шешімімен топтық сайыста:
І орын – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «NM Study» тобы;
ІІ орын – әл-Фараби ат. ҚазҰУ-тің «әл-Фараби шәкірттері» тобы;
ІІІ орын – Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-дің «Көк бөрілер» тобы иеленді.
Ал жекелей студенттер арасында
І орын – әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті Нұрсадық Аяулым;
ІІ орынды – әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті Нұртаева Эльназ;
ІІІ орын – Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық ҚТУ студенті Әбетай Жандос иеленді.
Жеңімпаз топтар мен студенттерге арнайы сыйақы мен марапаттар беріліп, қатысушыларға да сыйлықтар берілді. Сондай-ақ ұйымдастыруға ұйытқы болған оқытушы-жетекшілерге Алғыс хаттар табысталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін XV Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданы ұйымдастыру биыл Нұр-Мүбарак университетіне нәсіп болған еді. Ал биылғы қорытынды бойынша, келесі Республикалық олимпиаданы өткізу – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еншісіне өтті.