Адамдар бақытты болудың жолын әртүрлі нәрседен іздейді. Біреу байлықты бақыт деп ойлайды. Енді бірі жақсы қызметте болуды, кейбір адам танымалдылықты бақыт дейді. Ал шын мәнінде көп адам нағыз бақыттың асылы тым тереңде екенін сезіне бермейді.
Алла Тағала хадис құдсиде былай дейді:
«Мен ілімімді аштыққа жасырдым, адамдар оны тоқтықтан іздейді, оны қадан тапсын.
Абыройды бағыну мен тақуалыққа жасырдым, адамдар оны басшылықтың табалдырығынан іздейді, оны қайдан тапсын.
Байлықты қанағатқа жасырдым, адамдар малдың көптігінен іздейді, оны қайдан тапсын.
Рахатты жұмаққа жасырдым, адамдар оны дүниеден іздейді, оны қайдан тапсын».
Егер талап қылып, тақуалыққа бет бұрса, бұл айтылғанның бәрі – әрбіріміздің қолымыздан келетін іс. Ең бастысы ниет пен амал қажет!
Тұрар ӘБУОВ