Биыл Сауд Арабиясы корольдігі пандемиялық ахуалға байланысты мұсылман қауымының қажылық құлшылығын орындауына бірқатар талаптарды қойған болатын. Қажылық маусымына дүниежүзінен 60 мың адам қабылданатыны мәлімделгенмен, нақты қай мемлекеттің азаматтары бара алатындығы жарияланбай отыр. Осыған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қажылық» бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов пікірін білдірді.