Биыл Дін істері комитеті интернеттегі діни экстремистік мазмұндағы 80 мың материалды жойып, тағы 300-ін бұғаттаған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің интернет кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Жапал Долиев мәлімдеді.