Ғылым әлемінде астрономия мен математикамен бірге көптеген ғылым саласындағы жетістіктерімен танымал болған, түркі жұртының мақтан тұтар тұлғаларының бірі де Бируни (973-1048) болып табылады.
Оның 100-ден астам еңбектерінің 95-і астрономия, математика және география саласымен байланысты. Ғылым тарихшысы Джордж Сартон Бируниді «философия, математика және география саласында барлық дәуірдің ең ұлы ғалымы» ретінде бағалайды.