Сұрақ: Аушалнаған уақытта адамға «Ібіліс неме!» деп ұрсуға болады ма?
Жауап: Жалпы тез ашулану немесе ашуға беріліп сөз қайтару мұсылман адам үшін жат қылық екенін білгеніміз жөн болыр. Бір кісі Алла елшісінің (с.ғ.с.) алдына жақындап келіп:
– Уа, Алланың елшісі! Дін деген не? – деп сұрайды.
– Көркем мінез, – деп жауап береді.
Кейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) сол тарапына келіп:
– Дін деген не? – деп тағы сұрайды.
– Көркем мінез, – деп жауап қатады.
Кейін оның артына өтіп: «Уа, Алланың елшісі! Дін деген не?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) оған бұрылып: «Сен түсінбедің бе? Сенің ашуға берілмеуің», – деп жауап береді (Мұхаммед ибн Наср әл-Маруази риуаяты).
Ал енді ашу үстінде шешім қабылдау немесе жауап қату көп жағдайда қате салдарға соқтырып жатады. Сол сияқты бір мұсылман адамға «Ібіліс неме!» немесе «имансыз неме» деу оны күпірлікке шығарғанмен тең. Себебі Ібіліс Алланың әмірін орындамауы арқылы Оған асы (күнәһар) болғаны мәлім. Сол үшін адам қандай жағдай болмасын, өзінің бауырына мұндай қатты сөз айтудан сақ болуы тиіс.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ