Пенде шынайы махаббатпен бір мәрте Алла десе,
онда оның барлық күнәлары
ағаштың күзде төгіліп түскен жабырақтары секілді кешіріледі.
Ізгілердің сөзі
Алланың атымен (Бисмиллә айтудың) бастаудың қасиеті
Бисмилләнің толығы «Бисмилләһир-Рахманир-Рахим», хадистерде былай делінеді; «Ұстазы балаға Бисмилләны оқытып, бала оны айтса, Алла Тағала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады» (С. Әбдийә).
«Құран Кәрімнің кілті Бисмилләһ» (С.Әбдийә).
«Бисмилләмен желінген тамақ берекелі болады» (Ибн Мажә).
«Бисмилләһпен басталмаған әр бір маңызды іс кеміс қалады» (Байһақи).
«Үйге кірерде Бисмиллә айтылса шайтан «бұл үйге кіруге мүмкіндік жоқ» – деп қайтып кетеді» (Тибйан).
«Амал дәптерінде «700 Бисмиллә» болған адамды Алла Тағала тозақтан шығарады» (Тағрибус-салат).
«Істі Бисмилләмен бастаған адамның күнәларі кешіріледі» (И.Рафии).
«Тамақты Бисмилләмен жеп, соңында Әлһамдулилла деген адамның дастарханы жиналмай тұрып күнәлары кешіріледі» (Табарани).
«Бисмиллә жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтар (шыншылдардың) қатарынан жазылады» (Тәрғиб-ус-салат).
«Су ішерде Бисмиллә деп айт, біткенде Әлһамдулиллаһ де және суды үш жұтыммен ішіңдер!» (Ибн Сүнни).
«Тамақ жеуді бастағанда Алла Тағаланың есімін еске алыңдар, яғни Бисмилләһ айтыңдар! Басында Бисмиллә айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде «Бисмилләһи ғала әууәлиһи уә ахириһи десін!» ( Әбу Дәуд, Тирмизи, Хаким).
«Үйден шығарда «Бисмилләһи тәуәккәлту ғалаАллаһ, лә хаулә уә лә қууата илла Биллаһ» деп айтқан адам, қәуіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды» (Тирмизи).
«Йә Алланың Елшісі, көп жесекте тоймай жатырмыз, тамақтың берекесі болмай жатыр» деген адамға Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге игілігі мен сәлемі болсын ) «Тамақты бөлек емес, бірге жеп, Бисмиллә айтылса, берекелі болады» деп жауап берді (Ибн Мажә).
Аталған хадистерге амал етіп мол сауаптарға қауышуымызды Алла Тағалам баршамызға нәсіп етсін. Әмин!
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ