Риуаят етілуінше, Пайғамбарымыздың алдында отырған Абдулла ибн Омар оңы мен солына жалтақтап қарай береді. Пайғамбарымыз себебін сұрағанда:
– Мен осында бір кісіні жақсы көруші едім. Соны іздеп отырмын. Бірақ көре алмадым, – дейді. Сонда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
– Егер бір адамды жақсы көрсең, оның атын, әкесінің атын және үйін сұрап ал. Егер ауырса, көңілін сұрайсың, шаруасы болса, көмектесесің, – дейді. Осы хадистің басқа нұсқаларында «атасының атын және руын сұра» деген.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ