Мұсылманның келесі бір мұсылманды күпірлікпен айыптауы – Исламда өте ауыр күнә ретінде тыйым салынған амалдардың бірі. Бұны жат ағым өкілдерінің іс-әрекетінен байқауға болады. Сырттай үкім кесіп, діннен шығарғысы келгендердің негізгі мақсаты – айыпталушы адамның дүние-мүлкін еркім иемдену. Шариғат шарттарын бұзып, заңсыз әрекетті дінмен заңдастырып алғысы келгендердің бұл амалы діни білімнің таяздығынан туындайды.