Сұрақ: Білімді «пайдасыз» қылатын білім бар ма?
Жауап: Ертедегі даналардың бірі: «Білімсіз адам білімдіні өзінің білімсіздігімен жеңеді», – деп айтқан екен. Сол сияқты білімді «пайдасыз» ететін тек «білімсіздік». Білімге қарсы келетін тек – надандық пен қараңғылық. Бұған мысалы ретінде Мұса пайғамбарға айтылған бес насихатты келтіре аламыз:
Алла Мұса пайғамбарға (ғ.с.): «Ей, Мұса! Мен Тауратты бес сөзбен аяқтадым. Егер оларды білсең, онда саған барлық білім пайдалы болады. Егер білмесең, онда білімнің пайдасы жоқ.
Біріншісі, Менің қазынам тұрғанда өзіңе бөлінген ризыққа сенімді бол. Менің қазынам мүлдем таусылмайды.
Екіншісі, Менің құдіретім тұрғанда сұлтан атауынан қорықпа. Менің құдыретім мәңгі сарқылмайды.
Үшіншісі, өзіңде кемшілік бола тұрып, өзгеден айып іздеме. Адам баласы ешқашан кемшіліктен айықпайды.
Төртіншісі, кеудеңде жаның тұрғанда шайтанмен күресуді тоқтатпа. Себебі ол сенімен соғысын ешқашан тоқтатпайды.
Бесіншісі, жәннатқа кірмейінше менің айламнан сақ болғай. Адам пайғамбар да жәннатта жүріп қуылған. Менің айламнан аман қаламын деп мүлдем босаңсыма», – деп айтқан.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ