Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық №1 пробация есебінде тұрған жастар ұшқыр ой алаңында сайысқа түсті.
Мұғалжар аудандық 1 пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар аудандық «Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі» орталықтың ұйымдастыруымен өткен викториналық сайысқа қатысты.
Пробация есебінде тұрған жастар арасында бәсекелестікті арттырып, олардың уақытын тиімді пайдалануды мақсат еткен сайыста қатысушылар 3 топқа бөлініп, ұйымдастырушылар дайындаған салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар мен қазақ хандығына қатысты сұрақтарға жауап беру бойынша олардың арасынан жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар анықталды.
Қызықты да пайдалы іс-шараға қатысушыларға ұйымдастырушы орталықтың басшысы атынан дипломдар мен кітапшалар, сыйлықтар таратылды.