Ислам дінінде әйел адамның білім алуға, ілім үйренуіне құқығы жоқ деген ереже жоқ. Керісінше нәзік жандылардың білімді болуы құпталған. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Білім алу әрбір мұсылман ер кісіге де, әрбір мұсылман әйелге де парыз», — деп ілім ізденудің әйелдерге де тиісті екенін жеткізген.