Хадисте айтылғандай, садақаның ең жақсысы – білім үйреніп, оны өзгеге үйрету. Ислам діні мұсылманды жан-жақты білімді болуға шақырады. Өйткені, Алла тағала Құранда білім иелерінің дәрежесін жоғары ететіндігін айтқан. Ал білімді адам адаспайды, жол таба біледі және мұсылман үмбетін жаңа заманға сай дамытатын тұлға.