Білім – жаратылыс жұмбағын шешетін кілт. Онсыз көзіміз көр, құлағымыз саңырау, санамыз қараңғы. Ал білім иманмен ұштасқан кезде адам рухани кемел тұлғаға айнала алады. «Иман мен білім – қос қанатым, бірінсіз бірі бос қалатын», – деп бір ауыз сөзбен түйіндеген қазақ бұл екеуінің маңызын ертеден білген.