Жаздың ыстық күндерінің бірінде дана адам көлдің жағасында отырады.
Оның назарын көлге жетіп бір шөркілдеген ит өзіне аударады, ол ит су ішкісі кеп қайта қашады. Ит қатты шөлдеген екен, бірақ суға келгенде өз басымен бейнесін көріп қорқып артқа қашады. Сол себептен суды да ішпейді.
Бұл көрініс бірнеше рет қайталанады, дана адам итті сырттан бақылап отыра береді. Сөйтіп жүргенде ит көлдің қабағынан тайып суға түседі. Көлге түскен соң оның бейнесі де көрінбей кетеді. кезде бишара ит тойғанша су жұтады.
Иттің осы халін көрген данаға мынадай ой келеді: бір адамның қиялы мен істемек болған әрекеттерінің арасындағы кедергі, көбінесе өзінің ішінде ұлғайып көрген қорқыныштар мен уайымдар.
Егер адам баласы осы қорқыныштарын жеңе алатын болса, ол қалағанына қол жеткізеді!
Артынан дана адам тағы да аздап ойланып, негізінде үйренген нәрсені бұл емес деген қортынды шығарады.
Иттен негізі үйренетін; адамның дана да болса жайғана иттен де үйренетінің нәрселерінің бар екендігі ақиқаты.