Соңғы жылдары қоғамда дін саласының мамандарына деген сұраныс артып отыр. Сәйкесінше, діни ілімді меңгергісі келген жастардың саны да артқан. Руханият саласында сауатты маманға айналу үшін шетелде білім алу керек деп түсінетін кейінгі ұрпақ шеттен келетін қауіпті біле бермейді. Діни білімнің негізін елде қаламаудың салдары шетелдік түрлі ағымдардың ағысында кетуге әкеп соғуы мүмкін.