Сұрақ: Исламда білімның орны қандай?
Жауап: Исламда білімнің мәртебесі өте жоғары. Дініміз білімді байлықтан, мансаптан, атақ пен даңқтан да жоғары қояды. Бұл сұраққа жауапты Құрандағы аят, хадистермен емес, хазіреті Әлидің төмендегі сөзімен жауап бергеніміз дұрыс шығар. Өйткені Әли дінде «білімнің қайнар бұлағы, білімнің қақпасы» деген есімдермен танылған данышпандардың бірі еді.
Сонымен атағы шартарапқа тараған Әлидің білімін сынау үшін он яһуди келеді. Олар өзара: «Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіседі. Сонда Әли он адамға он түрлі жауап арқылы жауап береді:
- Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра;
- Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал (уақытша) достар көп болады;
- Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады;
- Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсаған сайын азаяды;
- Білім артық, білім сені қорғайды, ал байлықты сен қорғайсың;
- Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады;
- Білім артық, білімің көп болса да есеп-қисап қылмайсың, байлық артқан сайын есеп қажет;
- Білім артық, байлық іріп-шірімейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық;
- Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады;
- Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.
Бұл ғибратты әңгімеден мақсат, Әлидің сөзі арқылы исламның білім мен байлыққа ұстанымын айқындау, оларға баға беру еді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ