– Білім – жиған байлықтан артық! Білім сені қорғайды, ал байлықты сен қорғайсың.
Байлық жұмсаған сайын азаяды, ал білім басқаға таратқан сайын артады.
Сондай-ақ, байлыққа байланған пенде малы жоғалса, өзі де жоқ болады.
Білімді тану – сенім, адам оған иман келтіреді. Пенде білімге амал етіп ғұмырын өткізеді. Адам өлгеннен кейін де білімі арқасында өмір сүреді.
Білім – басқаратын басшы, байлық – жұмсалатын мүлік.
Түйін: Білім – сарқылмас қазына.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ