Бiр күннiң мәнiсiн бiлгiңiз келсе – ауырып ажалын күтiп жатқан науқастан сұраңыз.
Қаншама жылдар бойы бiр жанды күтудi бiлгiңiз келсе – балалар үйiндегi терезеге телмiре қараған сәбиден сұраңыз.
Күннiң калай өтпейтiнiн бiлгiңiз келсе – қарттар үйiндегi ойынан жаңылған қариядан сұраңыз.
Екi адамның арман-мақсатымен өмiр сүргеннiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе – аяғы ауыр әйелден сұраңыз.
Ұйқыны мың бөлудiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе – өзi тоңса жамылмағанмен, қасындағы сәбиi ашылып қалмады ма деп түн ұйқысын бөлетiн Анадан сұраңыз.
Бiреудi шексiз сүю қандай екенiн бiлгiңiз келсе – Аллаға сансыз құлшылық ететiн жаннан сұраңыз.