Иа, дәлел бар. Дұға үстінде қол көтеріп, екі алақанымен бет сипау ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Имам әт-Термизи риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұға жасаған кезде қолын көтеріп екі алақанын жаятын, соңында ол екеуімен бетін сипамай қолын түсірмейтін еді», – делінген.
Ершат Оңғаров