– Құрметті Берік Сақбайұлы, әдетте елдегі діни ахуалды тұрақты деп бағалап жатамыз. Жалпы, мұндай бағалаудың қандай да бір өлшемдері бар ма және осы бағытта нақты қандай жұмыстар атқарылуда?
–Біріншіден, еліміздегі діни ахуалдың тұрақты екенін айта кеткім келеді. Біз елдегі діни ахуалды тұрақты деп бағалауда, әрине көптеген өлшемдерге сүйенеміз. Яғни бұл ұғым еліміздегі конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынас, азаматтардың ар-ождан бостандығын сақта, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаларды ұстану, адамдардың дін саласындағы саясатқа қатынасы және олардың осы саладағы ахуалды бағалауы тәрізді көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесі болып табылады. Бұл жағынан алғанда қоғамда ешқандай мәселе жоқ. Елімізде мемлекеттік-конфессиялық тұрғыдан дәйекті қатынас орнатылған, азаматтардың діни бостандығы қамтамасыз етілген, мемлекет өз тарапынан елімізде қабылданған заңдарға сәйкес конфессиялардың толыққанды қызмет атқаруларына барлық жағдайларды жасаған. Осының бәрі елімізде діни ахуалдың тұрақты екенінің дәлелі.
Әрине, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек… Өкінішке қарай, дінді біржақты түсінетін радикалдық ағымдардың идеяларының ұстанушылары тарапынан елімізде соңғы 5-6 жылда бірқатар лаңкестік оқиғалардың орын алғаны мәлім. Десек те, осындай оқиғалардың өзі елімізде қалыптасқан діни ахуалдың тұрақтылығына сызат түсіре алмайтынын айта кеткім келеді. Қазақстандық қоғам былтырғы жылы Ақтөбеде орын алған террористік оқиғалар кезінде өзінің кемелдігін көрсетіп, діни экстремизм мен терроризм идеяларын мүлдем қабылдамайтындығын көрсетті.
Сондықтан, Елбасы айтқандай, радикалдық діни идеологияға қоғам болып, біртұтас шепте қарсы тұруымыз қажеттігін уақыт көрсетіп отыр.
Министрлік, өз құзіретіне сәйкес, діни радикализмнің және оның шеткері көрініс болып табылатын діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарды басқа мемлекеттік органдармен, ҚМДБ-мен және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізуде. Атап айтқанда, еліміздің дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етудеміз. Діни бірлестіктермен өзара сенімге негізделген әрекеттестіктерді одан әрі дамыту жолға қойылған. Қоғамда зайырлылық қағидаттарын нығайтып келеміз. Тұрғындардың кең әлеуметтік топтарын қамтитын түсіндіру жұмыстарын күшейту қолға алынды. Ел тұрғындарының дін саласындағы мәселелер бойынша сауатын көтеру мақсатында БАҚ-та ақпараттық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Әр түрлі діни ағымдардың идеяларынан зардап шеккендерге кеңес беру және оңалту бағытындағы жұмыстардың пәрменділігі артып келеді. Түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп отырған радикалдық идеялардың ұстанушыларын оңалту жұмыстары арқылы дәстүрлі ортаға қайтару нәтижесін беруде. Діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды дінтанулық сараптамадан өткізу сапасын күшейту арқылы теріс діни идеялардың таралуына нақты тосқауыл қоюдамыз. БАҚ-тар мен интернет-ресурстарды мониторингтеуді күшейту арқылы деструктивті діни идеяларды таратумен айналысатын сайттар мен парақшаларды анықтау және олардың жолын кесу бағытына да мән берудеміз.
Министрлік алдағы уақытта да жоғарыда айтылып отырған және басқа да қажетті бағыттардағы жұмыстарды іске асыруға баса назар аудара отырып, дін саласын реттеу жұмыстарын күшейте түсетін болады.
Министрлік осындай негізгі жұмыстардан бөлек, бұл бағытта тың идеяларды қолға алып, қазіргі күнде оларды іске асыруды бастап та кетті. Соның бірі – таяуда мамыр айының басында ел Үкіметінің мақұлдауынан өткен – Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы.
Біз осы Тұжырымдама арқылы мемлекеттік саясатты жетілдіре түсуді көздеп отырмыз. Тұжырымдаманы іске асыруда еліміздің зайырлы даму қағидаттарын сақтау және нығайту басты өлшем ретінде қарастырылатын болады.
Діннің сыртқы көрінісіне емес, ішкі формасына үңілген жөн
– Президент таяуда ғана Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен және ҚМДБ өкілдерімен кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушылары киетін діни сипаттағы қара жамылғыға заңмен тыйым салуды зерттеуді тапсырған болатын. Осы мәселе туралы пікіріңіз қандай?
–Иә, Мемлекет басшысы сол кездесуде осы мәселені тиянақты зерделеуді тапсырған болатын.
Жалпы, Елбасының сол кездесуде жекелеген «әсіредіншілдер» ортасынан байқалатын діни сипатта тұмшаланып киінуі және жұртқа айбар көрсететіндей бей-берекет «күрек сақал» қоюы біздің мәдениетімізге үйлеспетіні туралы айтқан пікірі шынында да дін саласына қатысты өте өзекті мәселелерді көтеріп отыр деуге болады.
Өйткені сыртқы форма бұл мәселенің бір қыры ғана… Ал мұның артында біздің сан ғасырлық тарихымыз бен өзіндік қайталанбас мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды аяқасты еткісі келетін, мемлекетіміздің зайырлылық қағидатын мойындағысы келмейтін радикалдық діни ағымдардың теріс идеологиясы тұр.
Ал теріс діни ағымдардың ұстанушылары діни сипатта тұмшаланып киіну мен «әсіредіншілдіктің» басқа да көріністері арқылы олар өздерін қоғамнан бөлек етіп көрсетуге және халқымызда, елімізде қалыптасқан жүріс-тұрыс әдебіне және киім кию мәдениетіне селкеу түсіруге ұмтылатыны анық байқалады.
Мен өзім бірталай жылдар бойы еліміздің Мысыр еліндегі Елшісі қызметін атқардым. Сол елде орналасқан аты бүкіл әлемге танымал «Әл-Азхар» университетінің үлкен ғұламалары мен оқытушы-профессорларының өздері киім кию мен жүріс-тұрыстарында бей-берекет сақал қойып, қысқа балақ шалбармен жүргенін көрген емеспін. Бұл дін ұстанып жүрген азаматтарға діннің сыртқы формасына емес, оның ішкі мәніне көп үңілу керектігін көрсетеді.
Сондықтан, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен бірлесе отырып, дінді бетперде етіп, елімізге сыналап кіріп жатқан радикалдық ағымдардың теріс идеологиясының таралуының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Әрине, бұл бағытта әлі де болса атқарылатын, жетілдіретін істер жеткілікті… Біздің қазіргі күнде осы бағытта бірқатар қомақты жоспарларымыз бар. Соның бірі – дін саласына қатысты мәселелерге қатысы бар ел заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мұндағы біздің мақсатымыз айқын – еліміздің Конституциясында көрініс тапқан зайырлылық қағидатты және зайырлы құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз ету және және діни радикализм мен экстремизмнің алдлын алу.
Ал, діни сипаттағы қара киім киюді шектеу мәселесі мұқият пысықтауды талап етеді. Ол үшін біздің барлық заңнамалық базамызды және халықаралық тәжірибені зерделеуіміз керек.
Әлем елдері тұмшаланған қара киімге тиым салуда
– Осы ретте радикалдық діни ағымдарға тән сыртқы атрибуттарға тыйым салу мәселесі әртүрлі қоғамдық пікірлер туындауы мүмкін ғой?
–Қоғамдық пікір міндетті түрде назарға алынатын болады. Әрине, бұл өте нәзік сұрақ, себебі ол белгілі бір түрде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қозғайды. Министрлік діни бірлестіктермен және қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, бұл мәселенің оңтайлы шешімін табатын болады.
Шетелдік тәжірибелерге тоқтала кетсем…. Мәселен, Марокко елінде биылғы жылғы қаңтардан бастап паранджи (бүркеме) сату мен өндіруге тыйым салынды. Осы елдің Ішкі істер министрлігі діни сипаттағы осындай тұмшаланған киімдерге тыйым салуды қылмыспен күресудің бір шарасы ретінде санайды. Ең бастысы оларп мұны заңнамамен тыйым салу арқылы емес, ел Үкіметінің шешімі түрінде енгізіп отыр.
Ал Бельгия корольдігінде ел Үкіметі 2011 жылғы 1 маусымда «Адамның бетін толықтай немесе көп бөлігін жабатын кез-келген киімге тыйым салу туралы» заң қабылдады. Аты айтып тұрғандай, бұл заң бойынша Бельгияда кез-келген себеппен адамның бетін толықтай немесе оның бетінің көп бөлігін жауып тұртатын киім киіп жүруге тыйым салынған.
Қытайда бұл мәселеге қатысты заңнамалық тыйым салу жоқ болғанымен, онда мемлекеттік және әскери қызметкерлерге діни киім киюге тыйым салынады.
Көріп отырғандай, әрбір елде діни сипатта тұмшаланып киінуге қатысты тыйым салу тетіктері әртүрлі.
Сондықтан тым шеткері діни сипаттағы сыртқы атрибуттарға тыйым салудың нақты тетіктері туралы айту әлі ерте. Бұл мәселенің шешімі шамамен жыл соңында белгілі болады.
– Демек, бұл мәселе қоғамдағы радикалдық ағымдардың идеяларының таралуымен туындап отырған діни экстремизммен тығыз байланысты болғаны ма?
–Қазіргі күнде діни экстремизм мәселесі – әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке қарай, басқа да әлем елдері тәрізді Қазақстан да радикализм қаупімен бетпе-бет кездесіп отыр.
Осы ретте, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауда дін саласында орын алып отырған ахуалға тоқтала отырып, өсе түсіп отырған діни радикализмнің алдын алуға ерекше мән беруі де көп жайтты аңғартады.
Министр Нұрлан Ермекбаев былтырғы жылы қазан айында өткен брифингте салафизм идеологиясын Қазақстан Республикасы үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп санайтыны туралы Үкіметтің ортақ ұстанымын білдірген болатын.
Олардың терістігі неде? Радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізге, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға қарсы қояды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғамдық құрылыстың «бірден-бір дұрыс жүйесі» деген біржақты пікірді ұстанады.
Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетіміздің зайырлы құрылысына және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті.
Министрлік қазіргі күнде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, радикалды діни ағымдардың идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстарды жүргізіп отыр. Іске асырылып оырған жұмыстардың нәтижесінде елімізде діни ахуалдың тұрақтылығы сақталуда. Қазір өңірлерден келіп жатқан ақпараттар радикалдық діни идеяларды ұстанушылардың дәстүрлі рухани құндылықтарға бет бұрып, қызығушылық таныта бастағанын көрсетуде. Сонымен қатар, қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанымдарын жақтырмайтын көзқарас күшейе түсуде.
Мұны мемлекет тарапынан іске асырылып отырған кешенді жұмыстардың өзінің оңды нәтижесін бере бастауы деп айтуға болады.
– Бір сөзіңізде министрлік тарапынан ел заңнамаларына өзгерістер енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айттыңыз. Қысқаша тоқтала кетсеңіз?
– Министрлікпен қазіргі күнде «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленуде.
Жалпы, заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоғам тарапынан түсіп отырған талаптар мен ұсыныстар негізінде қалыптастырылады. Министрлікке еліміздің ғылыми-сарапшылар қауымдастығының өкілдерінен және жұртшылықтан БАҚ арқылы көптеген ұсыныстар келіп түсуде.
Осы жерде баса айта кетер жайт – заңнамалық өзгерістер тек бір діннің немесе конфессияның ғана мүддесін қозғамайды, ол еліміздің барлық азаматтарының мүддесін ескеріп қабылданады.
– Тарқатыңқырап айта кетсеңіз?
–Мәселен, бізге кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға тосқауыл қою мәселесін шешу туралы ұсыныстар көптеп түсуде. Бұл өте өзекті мәселе дер едім. Мұның екі жағы бар. Біріншісі – үйде діни сенімнің тым көп таңылуы. Біз ата-аналардың өз бала-шағасын өздерінің діни сенімінде тәрбиелеуіне қарсы емеспіз. Десек те, балаға діннің шамадан тыс таңылуы оның әлеуметтік ортадан шеттелуіне, жора-жолдастарымен араласпауына алып келетінін және осыдан туындайтын болашақ салдарларды ата-ана жете сезінуі керек деп ойлаймын.
Екінші жағы – жасөспірімдердің өз беттерімен дінге бой ұрынуының қауіптілігі. Бұл жағдайда, керісінше, ата-ана балаларының неге қызығушылық танытып жүргенінен хабарсыз. Яғни, жасөспірімдердің Интернет арқылы немесе сабақ уақытында діни ғимараттарға бару арқылы дінді білуге талпынысы, өкінішке орай, көп жағдайда олардың әртүрлі жалған діни ұйымдар мен теріс ағымдардың ұстанушыларына айналуына алып келуде.
Байқап отырғаныңыздай, бір ата-аналар дінге баласын тартса, екінші ата-аналар оған қарсы шығып, шағымданып жатады.
Міне, осындай жағдайлармен бетпе-бет келген ата-аналар бізге хат жазып, осы мәселені заңмен реттеуді ұсынып жатады.
Қоғам тарапынан түсіп отырған басқа да ұсыныстар көп. Осы қатарда азаматтардың шетелдердегі діни оқу орындарында білім алуын реттеу, қажылық пен умра сапарын заңнамалық тұрғыдан реттеу, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет уақыты барысында діни рәсімдерге қатысуына тыйым салуға қатысты мәселелер бар.
Біз өз тарапымыздан оларды мұқият зерделеудеміз. Егер бұл ұсыныстар дін саласын реттеуге қолғабыс ететін болса, олар белгілі бір заңнамалық нормалардан көрініс табады деп сенемін.
Жалпы, заңнамалық өзгерістер дін саласын реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыруға, мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бағытталатын болады.
Бәрі уақыттың еншісінде..
– Мемлекеттік қызметкерлерге діни рәсімдерге қатысуына тыйым салу мәселесіне келсек, оның қажеттілігі неден туындап отыр?
–Мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан азаматтары ретінде барлық мәселеге, оның ішінде діни сенім мәселесіне қатысты құқықтары басқалармен бірдей және кепілдендірілген. Яғни, олар дінге сену немесе сенбеу, діни рәсімдерге қатысу не қатыспау мәселесін өздері шешеді. Бұған мемлекет араласпайды.
Бұл жерде мәселені басқа қырынан қарау керек. Яғни, олар қызмет уақыты барысында діни рәсімдерге қатыса ала ма, әлде қатыса алмай ма, оларға өзінің қызметтік әлеуеті мен өзінің діни көзқарасын таратуға жол беруге тосқауыл қою қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап іздеген жөн.
Осы мәселеге бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып түсінік бере кеткім келеді.
Біріншіден, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне дін саласына қатысты мәселелер бойынша түрлі ұсыныстар түсіп отырады. Ол ұсыныстардың арасында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының тәртібін ұстанбауына қатысты түсінік беруін сұрайтын шағымдар да бар.
Біз мемлекеттік органдар мен мекемелерде қызмет атқару қызметкерлерге бірқатар шектеулер қоятынын ұмытпауымыз керек. Мемлекеттік қызметке келместен бұрын адам ол шектеулермен келіседі. Меніңше, мемлекеттік қызметкер, ең алдымен, өзінің тікелей лауазымдық міндеттерін орындауы керек.
Мәселен, жұмыс уақытында азаматтарды қорғауға немесе қызмет атқаруға міндетті әскери қызметкер немесе полицей діни іс-шараға қалай қатысады? Бұл бүгінгі таңда ерекше өзектілікке ие, себебі бүкіл әлемде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау шаралары күн санап күшейе түсуде.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінде «Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерін қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде пайдаланбаулары, оның ішінде өзінің оларға қатынасын насихаттамауы тиіс» деп көрсетілгенін атай кеткім келеді.
Екіншіден, көзделіп отырған талап мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында діни рәсімдерге қатысуын реттеуге бағытталатын болады. Және бұл мәселе діни сеніміне қатыстылығына қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты болады. Яғни мемлекеттік қызметкер ислам дінін, христан дінін немесе кез-келген бір дінді ұстанататындығына қарамастан жұмыс уақытында өзінің қызметтік міндетімен айналысуы керек деп есептеймін.
Үшіншіден, мұндай шектеулер мемлекеттік қызметкерлердің діни сенім құқығын еш шектемейді. Әрбір азамат, оның ішінде мемлекеттік қызметкер құдайға сенуге немесе сенбеуге құқылы. Бірақ діни сенімді орындаумен байланысты практикалық әрекеттер басқа азаматтардың және мемлекеттік қызметтің есебінен жүзеге асырылмауы қажет.
Төртіншіден, ұсыныстар мен түзетулер әлі де болса талқылану үстінде, және бұл туралы түбегейлі шешім әлі қабылданған жоқ.
Жалпы, министрлік қазіргі күнде жасақталып отырған «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде бұл мәселені де күн тәртібіне шығаруды көздеп отыр. Әрине, мұндай заңнамалық талаптың болатынын-болмайтынын уақыт көрсетер… Десек те, осы мәселеге қатысты белгілі бір заңнамалық айқындылық қажет деп есептеймін.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жүргізген Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ,
KazIslam.kz