Ислам әлемі тағы бір ғұламасынан айырылды.
99 жасында Йеменнің бұрынғы мүфтиі, ғалым Мұхаммед бин Исмаил әл-Омрани өмірден озды.
Шейх әл-Омрани Ескі Сана қаласында білім-ғылым жолын қуған отбасында дүниеге келді. Өмір бойына білім ізденумен өтті.
Қайтыс болар алдында оның жүзі күлімдеп, тілін кәлимаға келтіріп, жан тапсырды.