Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев соңғы уақытта көп талқыланып жүрген «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмеді деп мәлім етті. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді», – деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, “Базз Лайтер” мультфильміне қатысты соңғы уақытта дау көп. Өйткені онда екі әйелдің бір-бірімен сүйісетен көрінісі бар. Ол біржынысты қатынасты насихаттайды деп айтылып жүр. Осыған байланысты көптеген мұсылман елдері картинаны көрсетуден бас тартты.