Ирактың бас қаласы Бағдадта халық базарында болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны хабарланды, деп TRT жазады.
Үкіметке қарасты денсаулық саласының хабарына қарағанда Бағдадтың шығысындағы Садр аймағындағы Әл-Вахилат халық базарында жарылыс болған.
Құрбан айттың ғарасында адам өте көп барған базарда болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны білдірілді. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар да бар.
Жарылысты ешкім мойнына алмады. Оқиға жайлы тергеу басталды.
Қорғаныс министрлігіне қарасты қауіпсіздік медиа орталығы жарылыстың террорлық лаңкестік екенін жариялады.