Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Алтын таға» жылды қорытындылау іс-шарасы өтіп, үздік атбегілер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО «Бәйге» федерациясынан мәлім еткеніндей, биыл өңірде жалпы жүлде қоры 40 млн теңгені құраған 60-тан астам бәйге ұйымдастырылды.
Ақ Жайық атбегілері көршілес Ақтөбе, Атырау және Алматы, Астана қалаларында өткен бәйгелерде жүлделі орындарға ие болды. Өңірде бәйге спорты қарқынды дамып, аудан-ауылдарда шабандоздар мектебі қалыптасып келеді.