Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Волонтерлік – өмір белесі» облыстық волонтерлер слетіне қатысты.
Шара барысында бас имам «Мейірімділік, бір-бірімізге бауырмалдық» жөнінде салиқалы сөз сөйлеп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Кейін облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Болатбек Ұласқанұлы «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
ҚМДБ-ға қарасты еліміздің мешіттері әркез халыққа қызмет істеп, дәстүрлі Исламды көркем түрде насихаттап, қамкөңіл жанның көңіліне медеу болып, қайырымдылық шараларын үздіксіз ұйымдастырып келеді.