Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық дін істері басқармасына қарасты конфессия аралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығы ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты. Бас имам Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен кездесіп, рухани әңгіме айтты.
«Діни жат ағымдардың зияны» тақырыбында өткен іс-шарада облыс бас имамы жат діни ағымдардың зияны, дәстүрлі ислам деген не, имам Матруди ақидасы, Әбу Ханифа мәзһабы, әлеуметтік желіде отырған кезде әртүрлі сайттардан сақ болу, қай уағызшыларды тыңдау, дін мен дәстүр сабақтастығы қатарлы кең көлемдегі мәселелерді уағыз-насихатына арқау етті.
Кездесу соңында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.