Жамбыл өңірінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев облыстық «Әжелер алқасы» мүшелерімен жүздесті.
Басқосуда «Әжелер алқасының» жұмысы, алға қойылған мақсат, тәрбие беру мәселесі төңірегінде сүбелі сөз қозғалды.
Ұйымның ашылу мақсатын тілге тиек еткен бас имам жастар тәрбиесінде әжелер алқасының үлесі зор болатынына үміт артып отырғанын айтты. «Ұрпақты тәрбиелеу үшін қыз баласын тәрбиеле» демекші, дәл осы мәселеде әжелердің кеңесші, бағыт-бағдар беруші, үлкен мектеп екенін ауыз толтырып айтты.
Айта кетейік, әжелер мешітте күнделікті кезекшелікке тұрып, жамағатпен тілдесіп, көмегін көрсетуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта ақ жаулықтылар білімін жетілдіру үстінде.