Cұрақ: «Барзақ әлемі» дегеніміз не?
Жауап: Шариғатқа сәйкес адам жан мен тәннен тұрады. Тән дегеніміз – топырақ, яғни жердің құрамындағы Менделееев элементтер жинағы. Ал жан яғни рух, бұл дүниенің заты емес, оны періште алып келеді. Бұған пайғамбардың (с.ғ.с.) адамға рухты періште алып келетіні жайында айтқан мәшһүр хадисі дәлел.
Бұл хадисте періште ана құрсағында төрт ай бойына жатқан балаға жан үрлейтіні айтылады. Енді адам қайтыс болған уақытта оны жерлейді. Онда адамның денесі су болып ыдыраған кезде жер өзінің берген Менделеев элементтерін кері алады.
Ал жан бұл дүниелік болмағандықтан өзінің тұрақтайтын мекеніне ұшып кетеді. Себебі оны періште алып келген болатын.
Міне исламда жаның қайтатын әлемін – Барзақ әлемі деп атайды. Рух ол жерде ақырзаманға дейін болады. Басқаша айтқанда, ислам эсхаталогиясына сәйкес, Барзақ әлемі – өлімнен соң қайта тірілуге дейін жалғасатын өмір, қабір әлемі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ