Сұрақ: 4 қызымыз бар. Алғашқы екеуінің тұсауын кестік. Қалған екеуінің де тұсауын кесу міндет пе? Анасы ретінде өзім ырымдап кессем бола ма?
Жауап: Ғұрып – арабтың кірме сөзі, әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді. Әдет – арабтың кірме сөзі, адамдар арасында көп дағдыға, әдетке айналған іс. Дәстүр – арабтың кірме сөзі, іс-әрекет, ереже, заң деген мағынада.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүрдің түрі. Дәстүр бойынша, тұсау кесу үшін ақ жолды бейнелейтін ақ мата және түрлі-түсті арқандар алынады. Көбінесе олар үш түсті: қызыл, ақ және жасыл болады. Ақ – тазалықтың, жасыл – денсаулық пен ұзақ өмірдің, ал қызыл – молшылықтың рәмізі. Отбасы мүшелері мейірімді, жағымды қасиеттері мен үлкен өмірлік жетістіктері бар адамға тұсауын кестірген. Баланың болашақ жолы да оның тұсауын кескен адам сияқты сәтті болады деп ырымдаған.
Ал қалған қыздарыңызды ыңғайлап уақытта анасы, әкесі т.б. адамдар ырымдап тұсауын кессе болады. Тұсаукесер дәстүрін өткізбесе күнә болады деген шариғаттың талабы жоқ.
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта: «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдында жаман» деген. «Тілек айтта тілеп айт, бар жақсыны тілеп айт» демекші, ниеттеніп істеген амалдарда қайыр бар.
Икрам АЙТАЕВ