Бір кісінің сауын сиыры болған екен. Ол сүтке су қосып сатады екен. Бірде сел келіп, сиырды ағызып әкетеді. Сонда балаларының бірі:
– Мынау біздің әр сүтке құйған суларымыз ғой. Бәрі бірігіп сиырды әкетті, – деген екен.
Әрине дұрыс айтқан. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сатушы мен алушы шындықты айтып, адалдық көрсетсе, онда екеуіне де берекелі болады. Ал ол екеуі жасырып, жалған сөйлесе, онда саудаларының берекесі алынады» деген.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ