Әрбір адам тыныш отбасы ортасында өмір сүргісі келгені сияқты, әрбір ата-ана өзінің бауыр еті баласының бақытты жанұя құруын қалайды. Негізінен отбасының мұндай ерекшеліктерге ие құрылым болуы: “Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар”[1] деген аятында бұйырғанындай, Жаратушымыздың мұраты.
Мұнымен қатар, құндылықтар әлемімен байланысты кейбір мүмкіндіктеріміз, тұрақты және үздіксіз жетістіктердің орнына уақытша ләззатты таңдайтын жаратылыспыз, даралық-өзімшілдікті және нәтижесінде жеке бақытты бірінші орынға қоятын заманауи өмір түсінігіміз, шыдамсыз және сабырсыз әрекеттеріміз, жоғарыда көрсетілген қасиеттерге ие жанұяның құрылмауына немесе қысқа уақыт ішінде ыдырауына себеп болуда.
Адамдардың ересек шағының ең маңызды кезеңі болған отбасылық өмірінің әр бағытта баянды және бақытты өтуі үшін, әрі жеке, әрі қоғамдық, әрі жалпы қоғамдық/саяси сезімталдық қажет екендігін көрсетеді. Мұндағы үш сезімталдыққа қатысты кейбір мәселелерге тоқталып кетейік:
- Отбасы құруға дайын болған адамдар, келесі ерекшеліктердің олардың бақытты болуына кедергі болатынын түсінулері қажет. Олар:
- Тек өзі үшін ғана өмір сүру;
- Өзінің қалауларын бірінші орынға қою;
- Ойындағы жаман немесе жақсы пиғылды жүзеге асыру үшін
адами құндылықтарды елемеу;
- Тек осы дүниедегі өткінші ләззат соңына түсу, сол үшін де
«еркін және бақытты» болуды жалғыз мақсат қылу;
- Жауапкершіліксіз және есепсіз ысырапшылдыққа ұрыну;
- Дінге және ақылға қонымсыз қате дәстүрлер мен әдеттердің
тұтқыны болу;
- Сабырсыз, жауапкершіліксіз және шүкірсіз болу.
- Адамдар міндеттің талаптан бұрын келетінін білуі керек және алдындағы адамнан ақысын талап етуден алдын, өзінен: «Мен өз міндеттерімді толық орындадым ба?» деп сұрауы керек. Қазіргі кезде «адам құқығына» ерекше мән беретін жүйеге қарағанда, Ислам керісінше алдымен міндеттерін білетін және оларды дұрыс орындайтын тұлға-қоғам үлгісін алға тартады.
- Жанұядағы үлкендер балаларын өмірге «фитрат», яғни адам табиғатындағы және жаратылысымыздағы негізгі құндылықтар бағытында дайындауға міндетті. Әйелдер мен еркектердің заманауи өмірді қабылдаудағы бәсекелес, өршіл, қасақана ниетті, билеуші, менменшіл, шашыраңқы экономикалық, жеңілтектік, шексіз еркін болған рөлдерді емес, алғашқы адамнан бүгінге дейін өзгермеген қасиеттердегі құрылған рөлдерді қабылдаулары керектігін естерінде сақтауға және бір алманың екі жартысы екендіктерін мойындауға міндетті.
- Адамдарды ынталандыратын және әрекетке итермелейтін ең әсерлі құрал дін екені анық. Сондықтан тақырыбымызға сай білім, және өзге де құндылықтарға ие болу үшін балаға ерте жасынан бастап дін және әдеп тұрғысынан білім берілуі қажет. Ыбырай бабамыз да келесі өсиетінде осыны меңзесе керек:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
- Үйленетін адамдардың үйлену үшін мүмкіндіктері бар екендігіне көз жеткізу керек. Ашығырақ түсіндіретін болсақ, екі тараптың ақыл-есі сау екендігіне, сонымен қатар үйленудің қажеттілігін орындай алатын дәрежеде дене бітімінің дамып-дамымағандығына мән берілуі тиіс. Бұл принцип бізге тақырып шеңберіндегі қасиеттерге ие болмаған ақыл-есі кем, «теңсіздікке» құрылған неке, әсіресе жасы кішілерді үйлендіру дұрыс емес екендігін көрсетуде.
- Үйленудің рахат, бақытты және тұрақты болуы үшін үйленетін жандардың бір-бірлерінің теңі болуы керектігіне мән берілуі қажет. Фиқх тілінде кафаат деп түсіндірілетін теңдік, үйленетін кісілердің арасында діни, экономикалық және әлеуметтік тұрғылардан белгілі бір дәрежеде жақын болуына мән береді. Демек: «Үш нәрсені кешіктірме! Намазды уақыты кіре сала оқы, жаназа намазын да кешіктірмей оқы! Жесірді немесе қызды теңіне беруге асық»[2]; «Бірге болатын жарларыңа қатысты талғампаз болыңдар! Теңдеріңе үйленіңдер! Адамдарды да өз құрдастарымен үйлендіріңдер!»[3] деген хадистер ерлі-зайыптылар арасындағы теңдіктің болуын талап етуде.
Расымен де теңдік әрі үйленетіндер үшін жеке, әрі олардың отбасылары үшін де бір-бірлеріне үйренісуді және сіңісуді тездететін және оны тұрақтандыратын элемент болып табылады. Бұл үшін фақиһтер өз заманының шарттары бойынша жұбайлардың қай тұрғыдан тең болуы керектігі жөнінде нақты бір шешімге келген. Теңдіктің соңғы талдауы бойынша діндарлық, жақсы тәрбие мен экономикалық және әлеуметтік-мәдени деңгейлерінің жақын болуы сияқты үш нүктеден қарастырылатыны айтылады.
- Үйленетін адамдар, бір-бірін ерікті және келісіммен таңдауы керек. “Келісімін алмастан басы бос қыз тұрмысқа берілмейді” [4] деген хадисте, келісімсіз ешкімнің зорлықпен үйлендірілмейтіні туралы ашық айтылады.
Ислам ғалымдарының көбі антипатия, қауіп және зорлықпен жасалған неке акті қабылданбайтынын айтады.
- Жоғарыдағы қағиданың қажеттілігі, жар таңдауда шешім ең алдымен үйленетін кісілердікі, алайда бұл кісілер де отбасындағы үлкендердің хабарынсыз, олармен кеңеспестен және олардың келісімін алмастан бұл шешімді қабылдай алмайды. Өйткені, үйлену тек үйленетін тұлғаларды ғана емес, бүтін бір отбасын, тіпті бүкіл әулетті қамтитынын ұмытпаған жөн.
- Жар таңдауда өткінші немесе тек фәни дүниедегі өмір тұрғысынан маңызды болып есептелетін өлшемдер анықтаушы фактор болмауы керек. Құндылық, кісілік және мінез бірінші кезектегі анықтауыш, тек осы дүние емес, ақыреттегі өмір тұрғысынан да өте маңызды болады. Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі еркектерге арналған бағыт сияқты көрінсе де, ақиқатында екі жақты да қамтитын келесі кеңестері екі дүниедегі береке мен жақсылықтың қайнар көзінің қайда екендігін көрсетеді: «Әйелді төрт қасиетіне қарап алуға болады: дүниесіне, тектілігіне, әдемілігіне және діндарлығына. Бақытты болу үшін сен діндарын таңда!»[5]; «Әйелдерге тек қана сұлулықтары үшін үйленбеңдер. Кейде сол сұлулықтары мінез-құлықтарының төмендеуіне апаруы мүмкін. Оларға дүниесі үшін ғана үйленбеңдер. Өйткені дүниесі азғындауына жол ашуы мүмкін. Оларға тақуалығы үшін үйленіңдер. Сөзсіз тақуа болған ескі киімді бір қара күң, тақуа болмаған әйелден әлде қайда жоғары».[6]
Құдіреті күшті Алланың келесі бұйрықтары болса, одан да кең тұрғыдан үйленген адамдардың қайсы ерекшеліктеріне көңіл бөлуге болатынын және нәтижесінде оған алдымен жол берілуі керектігі меңзеледі:
- Неке қиюдан алдын өткізілетін құдаласу кезеңі қате қолданыстарға негіз болмауы керек. Құдаласу, кейінірек бір уақытта жүзеге асатын үйленуге айналатын ант, яғни, сөз беру болғаны үшін оны үйленуді білдіретін некемен шатастырмау керек. Себебі, екеуі, екі түрлі үкімдерге ие процесс болып табылады. Осы себептен құдаласқан кісілер неке қиылғанға дейін бір-біріне бөтен болып есептеледі. Тек қана құдаласумен неке қиылмайтындықтан, қыз бен жігіт құдаласу кезеңінде бір-біріне адал болмайды.
- Отбасындағы үлкендер, әсіресе ата-аналар балаларының үйленулері өздері үшін жасалмайтындығын білулері керек. Құрылған отбасы балалардың жаңа ұясы болады; бұл ұяның әрі ішкі, әрі сыртқы істері мен қатынастары да алдымен олардың жауапкершілігінде. Жол сілтеу және тәжірибемен бөлісу сылтауымен жас жұбайларды басқаруға тырысу, жеке шаруаларына араласу, әрбір үйде орын алатын кей жағымсыз себептерді сылтауратып қарсы тарапқа өз баласын айдап салу, тыныштық ұясы болуы керек үйді «қол жеткіз, қол жеткіз» мақсатты компания сияқты көру оларға жасалатын ең үлкен әділетсіздік болады. Алланың Елшісі (с.а.у.) басқа бір үйге келін қылған сүйікті қызы Хазіреті Фатиманың (р.а.) өміріне бұл жағынан ешқандай араласпауы, керісінше келесі мысалдардағы сияқты тепе-теңдік пен жаратылысты негізге алған кеңестеріне көз жүгіртейік:
- Неке және тойдан алдыңғы кезеңде қажетті жасауды дайындау және мәһрді анықтау, қажетті үй заттары мен құдалық-неке-той әрекеттері үшін жасалатын шығындар тепе-тең болуы қажет. Қаншама құдалықтар тек осы сияқты шығындар туралы тартыстар себебімен бұзылғаны ақиқат, бұл принциптің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Маңыздысы екі көңілдің бірлігі болса, онда барлық нәрседен жеңіл өтеді, некенің кереметі де сол, кемшіліктердің өз уақытымен орны толады. Жаратушы Алланың берген келесі кепілдігінен асқан құдірет бола алады ма?: «Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші»[7].
- Үйлену арқылы жаңа өмірдің есігін ашайын деп жатқан тараптар әр бағыттан қарағанда толық және керемет жар қиялына берілмеуі қажет. Қателіксіз, кемшіліксіз және барлық жақтан қабілетті болу адамдар үшін мүмкін болған қасиеттер емес. Осылай болғаны үшін де Алланың Елшісі (с.а.у.) былайша ескертеді: «Иман келтірген адам иман келтірген жарына жаман сезімдер сезбесін! Өйткені оның бір мінезін жақтырмаса да, міндетті түрде басқа ұнататын мінезі бар болады».[8]
Осыған қарағанда, жұбайлар бір-бірлерінің қателеріне көз жұмады, кемшіліктерін көрмейді, жоқ жерлерін толықтырады. Құранның «…Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген қайыр жасап қойған болуы мүмкін…» [9] аяты мен «…(Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті)сіңдер…» [10] аятында астын сызып тұрып көрсеткені сияқты.
Бүгінгі күнгі жылдам әрі гедонистік өмір түсінігі байқатпай бізді бір-бірімізден айыруда және тәуелсіз, өзімшіл әрі жеке жаратылыс халіне келтіруде. Күн өте, адамдар ұсақталып бара жатыр. Бұл құбылыс жамандыққа тікелей әкелуде, тіпті өнеге үлгісі болуға тиісті отбасы институтының өзі бұған төтеп бере алмай, жалғызбасты әке-шешелі отбасылар (familles monoparenteles) көбеюде.[11] Медицина технологиясының мүмкіндігімен бұдан былай бір адаммен бірге болудың қажеттілігінсіз, дүниеге нәрестелер келуде, адамдар өткінші дүние ләззаттарына көбірек көңіл бөліп, жалған дүниенің экономикалық елестеріне еріп, көбірек табыс табу үшін көптеген ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмысбастылыққа берілуде, нәтижесінде балалар мен қарияларға күтім жасау кәсіби құрылымдарға тапсырылып, туысқандық пен көршілік байланыстар әлсіреуде, адамдар арасында қызғаншақтық пен менмендік көбеюде.
Егер мұндай отбасыларда өмір сүргіміз келмесе, қоғамдағы отбасы көріністері бұл жағымсыздықтарды тудырғанын қаламасақ, жоғарыда көрсетілген мәселелерге маңыз берілуі керек және әрбір үш деңгейде, яғни тұлғалық, топтық және қоғамдық деңгейдегі жауапкершіліктеріміздің қажеттілігін орындауымыз керек.
Исатай БЕРДАЛИЕВ
Ислам құқығы PhD Доктор
[1] Ниса4/36 қосымша Бақара 2/177
[2] Тирмизи, “Салат”, 13; Ибн Мажә, “Жанаиз”, 17, 18; Мүснәт, I, 105.
[3] Ибн Мажә, “Неке”, 46.
[4] Бұхари, “Неке”, 40–41; Муслим, “Неке”, 64, 66–68; Әбу Дәуд, “Неке”, 23; Муатта, “Неке”, 4. Қосымша қараңыз: Тирмизи, “Неке”, 18; Мүснәт, VI, 368.
[5] Бұхари, “Неке”, 15; Мүслім, “Радаа”, 4, 6, 8; Әбу Дәуд, “Неке”, 2; Тирмизи, “Неке”, 4.
[6] Ибн Мажә, “Неке”, 6.
[7] Нұр 24/32.
[8] Муслим, “Радаа”, 61.
[9] Ниса 4/19.
[10] Бақара 2/187.
[11] қар. http://www.aile.gov.tr/images/icerik/20071842788/doc/ (02.10.2008); Бенги Семержи, “ Ени Аиле Модели”, www.torpil.com/kafe/ustalar.asp?ustalar_makale=ustalar_ayrinti&no=2784 – 42k – (06.10.2008)