Бангладеш билігі елдегі үй-күйі жоқ адамдардың бәріне баспана беретін көлемді жобаны қолға алды.
“Ел тәуелсіздігінің 50 жылдығына қарай Бангладеште үйсіз адам қалмайды. Біздің үкімет осы мақсатта үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді премьер-министр Шейх Хасина.
Оның айтуынша, елдегі үйсіз-үйсіз жүрген 885 622 адам баспанаға қол жеткізбек.
Бірінші кезеңде 66 189 отбасыға үй берілсе, келесі айда 100 000 отбасы баспанаға ие болады деп күтілуде. Әр үйде екі бөлме, асүй, кіре-беріс және жуынатын бөлме болады.
Айта кетейік, Бангладеш – халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын ел. Ол 1971 жылы Пәкістаннан тәуелсіздік алған. Биыл наурыз айында азаттық алғанына 50 жыл толады.