Сүндетке отыру Ислам дінінің маңызды бір белгісі. Ол – аты айтып тұрғандай Пағамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Хадисте адам баласының бойында бес табиғи тазалық болуы тиіс делінген. Соның бірі – сүндетке отыру.
Шариғатта баланы сүндетке отырғызудың нақты бір уақыты белгіленбеген. Алайда, ғалымдар Пағамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз немерелері Хасан мен Хусейінді туылғанына жетінші күн толғанда сүндеттегенін ескере келе, баланы жас кезінде сүндеттеуді мұстахап (ұнамды жақсы іс) санаған. Өйткені, барынша жас кезінде сүндеттеу баланың тәрбиесіне, психикасына оң әсерін тигізетінін ескерткен.