Сұрақ: Жазғы демалыста баламның Құран оқып үйренгенін қалаймын, қайтсем болады?
Жауап: Жазғы демалыс кезінде баланың біршама діни сауатын ашуды қаласаңыз, онда қаладағы немесе ауылдағы яки болмаса жақын маңдағы мешітке барып, имаммен келісе отырып, «жаздық имандылық курсына» бергеніңіз жөн.
Әдетте жаз демалысында мешітте арнайы жаздық курстар ашылады. Мұнда имам немесе мешіттің арнайы араб тілі ұстаздары екі апталық немесе бір айлық сауат ашу курстарында дәріс береді.
Ата–ана имандылық дәрістерін оқып үйренгісі келген баласын өз бетінше жібере салмайды. Бала өз бетінше ғаламтордан діни сауатын аша алмайды. Бұлай жасау қауіпті. Бала ғаламтордын қате ақпарат алуы әбден мүмкін. Дұрысы мешітке барып, имаммен кеңесе отырып, мешіт жанында ашылған сауат ашу курсына немесе Құран оқып үйрену курсына берген дұрыс.
Мұнда баланың имандылық дәрістерімен қатар Құранды дұрыс оқу ережелерін де (тәжуидті) үйренуіне мүмкіндік бар. Баладан мешітте не үйреніп жатқаны тұралы сұрап отырғаныңыз да артық болмас.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ