2022 жылдың 22 мамырында «Балаларым-бақытым» атты шара ұйымдастырылды. Шарада «Жусан» әйелдерінің отбасы мүшелерінің балалары бүгінгі замануи ойын түрлері арқылы қоғаммен өзара байланыс орнату, көпшілікпен сыйластық арқылы араласу, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу негізге алынды.
Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алатындығы белгілі.
Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.
Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асырады.