Ташкент қаласында қақтығыс аймақтарынан балалар мен әйелдерді қайтару бойынша БҰҰ/ЕО/АҚШ тәжірибе алмасу жөніндегі бірлескен бағдарламасын іске қосу бойынша онлайн отырыс өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров қатысып, Өзбекстан Республикасындағы БҰҰ тұрақты координаторы Хелена Фрейзер отырыстың модераторы болды.
Іс-шара Орталық Азияның төрт мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) ұлттық үкіметтерін, Біріккен Ұлттар Ұйымын, Еуропалық Одақты және АҚШ Мемлекеттік департаментінің басын қосты.
Отырыс барысында қатысушылар азаматтарды, оның ішінде балаларды қақтығыс аймақтарынан қайтару жұмыстары шеңберінде мемлекеттердің іске асырып жатқан шаралары, проблемалық мәселелері мен ұсыныстары бойынша пікір алмасты.
Онлайн-отырыс ЕО және БҰҰ-ның «Қақтығыс аймақтарынан, оның ішінде Сирия және Ирактан қайтарылған азаматтарға қатысты Орталық Азия мемлекеттеріне БҰҰ-ның қолдау көрсетуі» және АҚШ Мемлекеттік департаменті мен БҰҰ-ның «Оңалту және қайта интеграциялау бойынша Өзбекстан үшін сарапшылық кеңес бойынша» бағдарламаларының бастауы болды.