Сұрақ: Есім қойған уақытта аспан жұлдыздарының төмен немесе жоғары тұруы роль ойнай ма?
Жауап: Исламда балаларға мәнді де мағыналы есім қою құптарлық іс. Бұл рәсімге селқос қарау дұрыс емес, яғни баланың есімін эмоцияға беріліп, бір ойын немесе қандай да бір заттың атын қоя салуға болмайды. Себебі бала келешекте сол есіммен бірге өмір сүреді.
Ал енді балаға ат қою рәсімі барысында жұлдыз жорамал немесе нумерология сынды т.б. ырым мен жорамалдардан ислам сақ болуға шақырады. Жұлдыздың төмен немесе жоғары түруы баланың есіміне қатысты жоқ.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ