Сұрақ: Балаға Ихсан есімін қоюға бола ма?
Жауап: Ата-ана шаңырағында сәби дүниеге келгенде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Қазақ халқы «балаға қандай есім қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген сенімде болған. Қазақи адам есімдерінде түркі, қазақы, араб, парсы сөздерінің қосарлануынан тұратын атаулар кездеседі.
Діни есімдер қатарына «әбді» сөзіне есімдер қою арқылы Әбдіжаміл, Әбдірахман, Әбдісамат Ислам т.б. есімдер кездеседі. Сондай-ақ, Ихсан есімі де жиі кездеседі. «Ихсан» – арабтың жақсылыққа жеткізу, жақсылық жасау деген мағынасында. Ихсан есімін балаға қоюға болады. «Ихсан» сөзінің басқа да Құран аяттарында кездесетін мағыналары көп.
Азан айтып ат қою жайлы Пайғамбарымыздан (с.а.у.) көптеген хадистер кездеседі: «Кімде-кім дүниге келген баласының оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қомат түсірер болса, ол балаға «уммус сибиянның» (жын-сайттандар мен басқада зияндылар) зияны тимейді», «Жаңа туған баланың жетінші күні атын қойып, шашын алып және ақиқа құрбанын шалуды бұйырды» деген.
Есімдер қоюда өзіміздің діліміз бен дінімізге сай келетін сөздерді таңдаудан шатаспайық.
Икрам АЙТАЕВ