Оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова Қазақстан балабақшалары қашан толығымен мемлекеттік тілге көшетіні туралы сұраққа жауап берді.
Бүгінгі таңда балабақшаларымыздың 69%-ы мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде білім мен тәрбие береді. Осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақшалардың үлесі 65% болған. Бүгінгі күні бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді ол.
2022-2023 оқу жылында қабылданған негізгі нормативтік құжаттардың негізінде бағдарламаға қосымша сөздік минимумы әзірленген.
Ал 100%-ға көшудің артында әрбір баланың тағдыры, әрбір отбасының, ата-ананың сұранысы бар. Сондықтан бұл бір күнде іске асырылатын жұмыс емес. Балаға қай тілде тәрбие қажет екені туралы мәселе ата-аналардың сұранысына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 100 пайызға көшу – ол уақыттың еншісіндегі мәселе. Бұл қоғамның, ата-аналардың дайындығына байланысты, – деп түсіндірді Манара Адамова.
Ол қазір қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Бірінші қадам. Жаңадан ашылып жатқан балабақшалардың барлығы мемлекеттік тілде болуы.
Екінші қадам. Аралас тілде тәрбиелейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілді топтың сандарын ата-аналардың сұранысына байланысты көбейту. Негізгі тілдік ортаны қазақ тілі етіп қалыптастыру.
Қайнар көзі:
baq.kz