Тәрбие – табалдырықтан басталады. Яғни, адамгершілік үстемдік құрған қоғамның азаматын тәрбиелейтін мектеп – отбасы. Жанұяда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүр санасына сіңетін болса, келешекте ұрпақ түрлі діни иірімдерге үйір болмайды, өзгенің өтірігіне алданбайды.