Ғұлама өз балаларына айтқан өсиеттерінің бірінде: «Ей, балаларым! Өз бала-шағаңа беруге ұялатын дүниені Алла жолында садақа етпеңдер. Ақиқатында, Алла Тағала Кәрим – жомарттардың Жомарты. Сондықтан, ең таңдаулысын беруге лайықты. Балаларым! Кісі бойынан бір жиіркенішті жаман мінез көрсең, одан сақ бол. Тіпті, ол адам жұрттың алдында жақсы болса да. Өйткені, оның жаман мінезінің сыңарлары тағы бар. Егер, кісі бойынан ғажап жақсы қасиет байқасаңдар, онымен ара-қатынастарыңды үзбеңдер, жұрттың көзінде жаман адам болса да. Өйткені, жақсы қасиетінің сыңарлары болады. Балаларым! Адамдар өз заманында әкелеріне ең қатты ұқсайтын жандар» деген екен.
Руслан ҚАМБАРОВ