Шариғат бойынша әйел адамның бала емізуі, сүтінің шығуы дәретін бұзбайды. Өйткені дәретті бұзатын шарттарынан емес. ӘбуХанифа мәзһабы бойынша дәрет тек төмендегі жағдайларда ғана бұзылады.
1. Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді нәжісаттың немесе қандай бір сұйық, не қою нәрсенің шығуы.
2. Мұрыннан немесе дененің кез-келген жерінен қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген қан егер түкіріктің көлеміндей немесе түкіріктен көп болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды. Дененің басқа жерінен шыққан қан айналасына жайылса, дәретті бұзады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әрбір аққан қан үшін дәрет алу керек», – дейді. Егер ине ұшындай бір қан шығып, қатып қалса дәретке зияндығы жоқ. Тіпті оны қолмен сүртіп не үгітіп тастау да дәретті бұзбайды. Сол секілді жарадан аққан ірің мен сары су да қан секілді.
3. Жел шығуы. Хадисте желдің шығып-шықпағаны жайлы күмәнданған адамға желдің дыбысы яки исі сезілмейінше, дәреттің бұзылмайтыны жайлы айтылады [1].
4. Аузы толып құсу. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құсу – дәретті бұзады», – дейді [2]. Ауыз тола су, тамақ, қан, запыран секілді құсықтар дәретті бұзады. Қақырық түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.
5. Намазда дауыстап күлу. Бұл – жанындағы адамға естілетіндей күлуі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім намазда дауыстап күлсе, дәретін жаңалап, намазын қайта оқысын» дейді [3].
6. Ақыл-есінен айыратын жағдайлар дәретті бұзады. Ұйықтау, ақылына нұқсан келу, талу, мас болу секілді жағдайлар. Бірақ ұйықтау мәселесі басқа. Егер адам бір нәрсеге сүйеніп немесе жантайып жатса, я болмаса аяқтарын созып отырып ұйықтаса, дәрет бұзылады. Өйткені, мұндай еркін ұйықтаған жағдайда жел шығу ықтималы бар. Бірақ адам жерге жақсылап отырып, ешбір жерге сүйенбесе немесе намазда қиямда, рүкүғта, сәждеде ұйықтаса, тіпті намаздан тыс осылайша ұйықтаса, дәреті бұзылмайды.
7. Жыныстық қатынаста болу.
8. Ерлі-зайыптылардың жыныс мүшелерінің киімсіз бір-біріне тиюлері.
9. Мәсілерге мәсіх етілгеннен кейін тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің өтуі немесе мәсіх етілгеннен кейін сол уақыт ішінде мәсінің біреуін болсын шешуі.
Үзірлі адамның алған дәретінің уақыты шығуы. Белгілі бір себебі бар, мысалы, тісі қанай беретін адам әр намаз уақытының ішінде сол уақыт үшін дәрет алу керек. Жаңа азан оқылғанда сол уақытқа арналып алған дәреті бұзылады да, оған жаңа уақыт үшін қайта дәрет алуы қажет.Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.
[1] Бухари, Уду’, 34. [2] Тирмизи, Таһарат, 64.
[3] Зәйлаи, Хафз Абдуллаһ ибн Юсуп. Насбур-Раиә ли Ахадиси Һидаиә. 1973. 1, 47-54.
Түйенің етін жесе, дәрет бұзылады деп жүр ғой базбіреулер))
сауда жайында жазсаныздар. Биреудин сатып жаткан затына кызыгып карап ертесине сол затты акелсе болама