– Бір ғана шағымым бар, ол – күнәларым.
Хазіреті Осман:
– Ия, Ибн Мәсуд басқа не қалайсың? – деп сұрайды.
Ибн Мәсуд:
– Алланың рақымын қалаймын – деп көптен күткен үмітін айтады.
Осман халиф:
– Саған мемлекет жылдар бойына ақы тағайындап келді. Сен одан бас тарттың. Қаласаң мен сол қаржыны саған берсін деп әмір етейін? – деп қолынан келетін шаруаны айтады. Сонда Ибн Мәсуд:
– Мұнан соң оның пайдасы бола қоймас. Балаларым кедей болып қалады деп қорқамысың? Мен оларға әр түні «Уақиға» сүресін оқыңдар деймін. Өйткені, Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде кім әр күні жатарда «Уақиға» сүресін оқитын болса, дүниеде таршылық көрмейді», – деп айтқанын естіген едім».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ