Күндердің күнінде бір кісі Омар Хайямнан келіп сұрапты:
– Неге осы көптеген кедей адамдар қарапайым әрі жомарт болып келеді. Ал, байлар болса керісінше…
– Мына терезеге қарашы, не көріп тұрсың? – дейді ғалым.
– Ойын алаңында балалар ойнап жатқанын көріп тұрмын.
– Ал енді мына айнаға қара, не көріп тұрсың?
– Өзімді.
– Көрдің бе? Терезе мен айна да бір шыныдан жасалады. Алайда, терезеге кішкене күміс қоссаң, одан сыртты емес тек өзіңді ғана көресің. Адамдар да кейде дүние қолдарына тисе, соған малынып, өзінен арғыны көрмей қалады, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы