Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас мүфтиі COVID-19 вирусына қарсы екпе салдырып, өз отандастарына үлгі көрсетті.
Айта кетейік, 86 жастағы шейх Абдулла бин Байя корольдік отбасы мүшелері мен жоғары лауазымды шенеуніктерден кейін коронавирустық вакцинаның алғашқы дозасын алды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас Ислам департаменті коронавирусқа қарсы вакцинаны мұсылмандарға қолдануға рұқсат етілгені туралы пәтуа шығарған болатын.